функциялар теориясының білгірі
28 Қаңтар 2010
Қазақ математиктері 113 рет қаралған
БІЛИЕВ Назарбай Қыдырұлы (15.9.1935 ж.т., Ақтөбе обл. Байғанин ауд. Жарқамыс а.) — ғалым, физ.-матем. ғыл. докт. (1980), проф. (1985), Қазақстан ҒА-ның корр. мүшесі (1989). ҚазМУ-ді (1957), КСРО ҒА-ның Математика ин-тының аспирантурасын (1963) бітірген.
1957—60 ж. Гурьев (қазіргі Атырау) пед. ин-тында оқытушы, аға оқытушы болды. 1963 — 65 ж. Қазақстан ҒА-ның Математика және механика секторында жұмыс істеді. 1965 — 88 ж. Қазақстан ҒА-ның Математика және механика ин-тында кіші, аға ғыл. қызметкер, лаборатория меңгерушісі болды. 1988 жылдан Теориялық және қолданбалы математика ин-тының директоры, сонымен қатар 1999 жылдан ҚР ҒА-ның Физика-математика ғылымдары бөлімшесінің акад.-хатшысы. Негізгі ғыл. еңбектері функция және функционалдық теория тәсілдерін дербес туындылы дифференциалдық теңдеулерге қолдану саласына, комплекс айнымалы функциялар теориясына арналған. Ол Никольский — Бесов кеңістігіндегі жалпыланған аналитикалық функциялар теориясын одан әрі дамытып, оның анализде, геометрияда және механикада қолдану аясын кеңейтті.Шығ.: Обобщенные аналитические функции в дробных пространствах, А.-А., 1985;
Generalіzed analytіc functіons іn fractіonal spaces, USA, Addіson Wesley, 1997.