Қазақ математикасының саңлағы
28 Қаңтар 2010
Қазақ математиктері 126 рет қаралған
СҰЛТАНҒАЗИН Өмірзақ Махмұтұлы (4.10.1936, Қостанай обл. Сарыкөл ауд. Қараоба а. — 20.5.2005, Алматы) — ғалым, қоғам қайраткері. Физ.-матем. ғыл. докт. (1973), проф. (1974), Қазақстан ҒА-ның акад. (1983). Қазақ ұлттық ун-тін бітірген (1958). 1958 — 78 ж. осы ун-тте ғыл.-пед.,
басшылық қызметтер атқарды. 1978 — 89 ж. Қазақстан ҒА Механика және математика ин-тының директоры, 1988 — 94 ж. Қазақстан ҒА-ның президенті, 1996 — 98 ж. Білім министрінің орынбасары, 2002 — 03 ж. Қазақстан ҰҒА-ның вице-президенті, 1991 жылдан өмірінің соңына дейін Ғарыштық зерттеулер ин-тының директоры болды. Қазақстанда сәуле шығарудың тасымалдану теориясы ғыл. мектебінің негізін салған. Ғыл. еңбектері сәуле шығарудың тасымалдануының матем. теориясы және оның ядр. реакторларды есептеу тәсілдеріне қолданылуы, дистанц. зондтау және атмосф. оптика мәселелеріне арналған. Оның сәуле шығару тасымалдануының матем. теориясы жөніндегі ғыл.-зерттеулерінің нәтижесі кинетик. теориядағы әр түрлі сандық тәсілдерді қалыптастыруға негіз болды. Дистанц. зондтау негізінде Жерді ғарыштан зерттеу, жылу тасымалдау құбылысының матем. моделі, геоақпараттық технологиялар құрастыру, әр түрлі экол. және экон. қолданбалы есептерді шешу, Қазақстанның экол.-экон. жүйесінің матем. моделі, т.б. іргелі жұмыстарға ғыл. басшылық жасаған. С-ның тікелей басқаруымен Қазақстан ҒА-ның үш аймақтық бөлімшелері (Оңт., Батыс және Шығыс), бірнеше ғыл. ин-ттар мен орталықтары ашылды. Сондай-ақ ол “Мир” орбиталық кешенінің ғыл.-зерттеулері мен эксперименттері қазақстандық бағдарламасының, Т.Әубәкіров пен Т.Мұсабаевтың қатысуымен халықар. ғарыш ст. сапарының (1991, 1994, 1998, 2001), “Қазақстан Республикасы ғарыштық мониторингінің ұлттық жүйесі” ғыл.-тех. бағдарламасының ғыл. жетекшісі болды. 300-ден аса ғыл. еңбектің авторы. Қазақ КСР-і Мемл. сыйл-н (1987), қоғамдық “Тарлан” сыйл-н (1987, 2002) алған. Ленин, Еңбек Қызыл Ту, “Парасат” ордендерімен, бірнеше медальдармен марапатталған.