Бетти Е
18 Маусым 2010
Математиктер өмірінен 81 рет қаралған
Италя математигі. 1823-жылы қазанның 21-і Пистояда тулған.1892-жылы 11-тамызда Пизада қайтыс болған. Пиза университетінде математика оқыған, әрі сонымен бірге Италяны азат ету көтерілсіне қатысқан, кейіннен Пистояда орта мектепте сабақ берумен айналысқан. 1865-жылдан бастап Пиза университетінің профессоры. 1862-жылы парламент депутаты болған. 1884-жылы жоғарғы палатаның депутаты болған. 1874-жылдары қысқа мерзімге оқу-ағарту министірінің орынбасары да болған.
Беттидің ең алғашқы еңбегі жаңадан ашлыа бастаған Галуа теориясына арналған. Ол сол кезде әлі де көп адамдардың түсіне де кірмеген алгебралық теңдеулердің түбірінің табудың жаңа әдістерімен анықтауды көрсеткен әрі дәлелін де берген. 60-жылдары ,ол элипстік функциялары теориясын зерттей бастайды әрі оның математикамен физикада қолданылуын ашып көрсетіп береді. Оның ең басты еңбегі топология жағында болған. 1871жылы енгізген Бетти саны сол топологияның ең маңызды тұрақтысы болып табылады. В.Риманның жетекшілігімен математикалық-физиканы зерттеп, Бетти теоремасын дәлелдеген (серпімділік теориясының өзәра кері тоеремасы), әрі Грин әдісін серпімділік теориясымен кинаметикаға қолданған.
Ол–Италяның бірлікке келгеннен кейінгі математиканың қайта өрлеуіне зор ұлес қосқан адамдардың бірі. Оның еңбектерінің бәрі «Математиканың таңдамалы мақалалар жинағында » сақталған.(2-том 1903-1905жылдағы сандарында)