Математика әлемінің Македонскийі(Ескендір Зұлқарнайыны)-Давид Гильберт

Бүгін, яғни,Қаңтар айының 23-жұлдызы атақты математик,ұлы ғалым,19-ғасырдың соңы мен 20ғасырдың басындағы әлемдік математиканың көшбасышысы болған Д.Гильберттің туған күні.Гильберт туралы бір қысқа беттік мақаламен оның ғылымға қосқан үлесін айтып бере алмасымыз анық, дегенмен оның  ең басты еңбектерінің бірі  туралы айта кеткен жөн болар. 1900 жылы құрылғанына көп уақыт бола қоймаған әлемдік математика одағы (ұйымы) өзінің жаңа ғасырдағы ең бір керемет құрылтайын Франция астанасы Париж қаласында өткізеді, оған сол кездегі ұйымға мүше отызға тарта мемлекеттен жиналған көптеген математиктер қатысады

Қызықты мәліметтер: Математиктер қай айда көп дүниеге келген?

Бұл мәліметтер интернеттен алынған. Ондағы базада тіркелген математиктердің өмірін зерттей келе, төмендегідей мәліметтер алынған. Бұл мәліметтерден көретніңіз, Егер сіз ұлы математик болғыңыз келсе, онда сіз жылдың алғашқы төрт айында дүниеге келуіңіз керек, ал егер сіз әлдеқашан ұлы математик болған болсаңыз онда қазан айында өзіңізге сақ болғайсыз. Себебі, мәліметтер бойынша  қазан айында о дүниелік болған математиктердың саны ең көп

Тарихтағы осы күні дүниеге келген және қайтыс болған математиктер:

Математиканың дамуына өз үлестерін қосқан математиктерге азда болсада ізгі құрметпен:

Якобиан есебі

Қазргі кезде математикада шешімін таппаған көптеген есептер бар. Соның бірі және ең қиындарының біріне жататын есеп-якобиан есебі. Төменде осы есептің қысақаша түсініктемесін бердік. Толық мазмұнын кейінрек ұсынатын боламыз.

Георг Кантор

Гео́рг Ка́нтор (нем. Georg Ferdinand Ludwig Philipp Cantor, 1845 жыл 3 наурыз, Петербор – 1918 жыл, Галле) – алман математигі, жиындар теориясын ашқан математик.Әке-шешесі Ресейге қоныс аударған Даниялық саудагер. Кантор 11 жасында аке шешесімен бірге Алманияға қоныс аударып, сол жерде орта мектеп оқиды. 1862 жылы 17 жасында Шветцариядағы Свейш университетіне оқуға түседі. Келесі жылы Берлинге аусып келіп сол жерде оқуын жалғастрады.Е.Е Кумер, К.Вейштрас және Кронекр қатарлы үлы математиктерден сабақ алады. 1866 жылы Гюттингенге барып бір жыл оқиды. 1867 жылы Кумердің жетекшілігінде сандар теориясы жағындағы диссертациясын қорғап доктор болады.

Бурбаки Никола

Бурбаки Никола (Bourbakі Nіkolas) — Франциядағы математиктер тобының жинақтауыш бүркеншік аты. Бұл топ 1937 жылы Франциядағы Жоғарғы нормаль мектебін бітірген түлектерден құралған. Оның құрамындағы адамдар саны мен есімдері айтылмайды, құпия сақталады. Олар неміс математигі Д.Гильберттің (1862 — 1943) әр түрлі математика теориясына шолуды формальді математикалық әдіс тұрғысынан жасау керек деген идеясын жүзеге асыру үшін 1939 жылдан бастап еңбек етуде. Бурбакидің “Математика элементтері” атты көптомдық трактаты 1939 жылдан жарық көріп келеді.

Эйлер функциясы

Эйлера функциясы φ(n), мұндағы n — натурал сан, n санынан үлкен емес әрі онымен өзара жай натурал сандар санына тең. Эйлера бұл функцияны сандар теориясы еңбектерінде алғашқы болып пайдаланғандықтан соның құрметіне осылай талып кетті.

Қытайдың қалдықтар туралы теоремасы

Егер a_1, a_2, \dots , a_n натурал сандары өзара жай болса, онда барлық i = 1, 2, \dots, n үшін 0 \leq r_i < a_i болатындай кез келген r_1, r_2, \dots, r_n үшін кез келген i = 1, 2, \dots, n үшін \,a_i санына бөлгенде \,r_i қалдық беретіндей \,N саны табылады. Тіпті егер осындай екі \,N_1 мен \,N_2 сандары табылса, онда N_1 \equiv N_2 (\mathrm{mod}\, a_1\cdot \ldots\cdot a_n).